Іс шаралар

Сыбайлас жемқорлық қазіргі уақыттың теріс факторы ретінде

09 желтоқсан 2019 жылы экономика, ҚҚЭУ бизнес және құқық колледжінде «Сыбайлас жемқорлық қазіргі уақыттың теріс факторы ретінде» атты біріңғай сынып сағаты өткізілді. Өткізу барысында сыбайлас жемқорлықтың қазіргі уақытта әртүрлі жүйеге, жалпы қоғамға теріс факторы екендігі туралы айтылып өтті. Студенттермен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін қолданатын әкімшілік, қылмыстық кодекстің нормалары, сыбайлас жемқорлықты алдын-алу сұрақтары талқыланды.

nw 09.12.19 001.jpeg (105 KB) nw 09.12.19 002.jpeg (258 KB)

nw 09.12.19 003.jpeg (59 KB)

 

Жыл сайын өтетін облыстық форум

2019 жылдың 22 қарашасында Қарағанды көлік және технология колледжінде IV аймақтық форум өтті. 2018-2019 жж. қорытындысы бойынша Экономика, бизнес және құқық колледжі «Белсенді колледж» дипломымен, сонымен қатар 70.000 теңге сертификамен марапатталды. Сіздің колледжіңіздің өркендеуін және жаңа жеңістер тілейміз.

nw 22.11.19 001.jpg (87 KB)

nw 22.11.19 002.jpg (372 KB) nw 22.11.19 003.jpg (316 KB)

 

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018– 2022 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында ҚҚЭУ ЭБҚ колледжінде 2019 ж. 13 қарашада 1-4 курс студенттерімен «Қазақстан республикасы дін істері жөніндегі Комитеттің» Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің - дін танушы, "Қоғамдық процесстерді зерттеу және талдау орталығы" Қоғамдық қорының директоры Т.В. Мустафина, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының маманы – А.К. Тергеусизова, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы оқытушысы А.А.Абильдиновамен кездесуі болды.

Кездесу барысында дәстүрлі діни сенім мен деструктивті діни ағымдардың негізгі белгілері, деструктивті діни ағымдардың жастарға, қоғамға зияны және дәстүрлі діни конфессиялардың қоғам өміріндегі маңызы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

nw 13.11.19 001.jpg (102 KB)

nw 13.11.19 002.jpg (93 KB)

 

Ашық сынып сағатының тақырыбы: «Отбасы құндылықтары - бақытты отбасының кепілі!»

4 қараша 2019 ж. П-31к тобында «Отбасы құндылықтары - бақытты отбасының кепілі!» тақырыбында ашық сағаттар өткізілді. Топ жетекшісі Бижанова А. студенттермен отбасылық дәстүрлерді, болашақ ұрпақ дамытатын және нығайтатын құндылықтарды талқылауға бағытталған материал. Сынып сағатында көптеген мәселелер талқыланды, студенттер өз отбасыларында құрметтелетін дәстүрлермен бөлісті.

nw 04.11.19 001.jpg (57 KB)

Қате табылды ма? Тінтуірмен емле қатесін таңдап, Ctrl + Enter басыңыз Көмегіңізге рахмет!