Семинарлар

mr 29.10.19 003.jpg (220 KB)

mr 29.10.19 004.jpg (201 KB)

 

«Уақытты жоспарлау - орындау міндеті» тақырыбына тренинг

04.12.2019ж. туризм және бизнес ПЦК арнайы пәндер оқытушысы Е. В. Плетень «Centre AT» ЖШС – де өткен тағылымдама қорытындысы бойынша «Уақытты жоспарлау - орындау міндеті» тақырыбында тренинг өткізді. Оның мақсаты-колледж оқытушылары алдына қойған мақсаттарға жету үшін уақытты қалай тиімді пайдалану, кәсіби жұмыс тиімділігін және жеке өсуді арттыру үшін уақытты басқару дағдыларын дамыту.

nw 04.12.19 001.jpg (64 KB)

Тренинг барысында жеке және жұмыс уақытын жоспарлау және тиімді пайдалану, уақытты жоғалтудан аулақ болу, қосымша уақытша ресурстарды босату, уақыт жетіспеушілігіне байланысты стрессті жою, басымдықтарды бөлу, жұмыс кезектілігін анықтау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған «Уақыт", "уақытты дербес сезіну", "уақытты бөлу" жаттығулары өткізілді.

nw 04.12.19 002.jpg (83 KB) nw 04.12.19 003.jpg (88 KB)

Құрметті Елена Викторовнаға табыс және кәсіби өсуін тілейміз!!!

 

«EUROMONITOR INTERNATIONAL" компаниясының зерттеулері стратегиялық ақпарат көзі ретінде» тақырыбына онлайн-вебинар

29.11.2019 күні ЭБҚ колледж оқытушылары үшін ҚҚЭУ кітапханасындағы, Ғылыми-білім беру орталығында «EUROMONITOR INTERNATIONAL" компаниясының зерттеулері стратегиялық ақпарат көзі ретінде» тақырыбында «Passport» халықаралық деректер қоры бойынша онлайн-вебинар өткізілді. On-line трансляцияны бизнесті дамыту жөніндегі аға менеджер Екатерина Бондаренко жүргізді.

nw 29.11.19 001.JPG (219 KB)

Онлайн-вебинар барысында "Passport" халықаралық деректер базасын қолдану бойынша негізгі ұғымдар мен нұсқаулықтар берілген, онда нарықтық зерттеулер бойынша ақпарат, өнеркәсіп салалары, елдер, тұтынушылар мен компаниялар бойынша статистикалық және талдамалық есеп-қисаптар бар.

«Passport» онлайн платформасы колледж оқытушыларына кәсіби қызметте халықаралық салыстырмалы зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін 115 миллионнан астам статистикалық мәліметтерді пайдалануға мүмкіндік береді, сондай-ақ әлемнің 210 еліндегі жаһандық бизнес пен экономикалық ахуалды түсінуді ұсына отырып, 25 000 салалық аналитикалық есеп-қисаптар мен мақалалар бар.

nw 29.11.19 002.JPG (227 KB)

ҚҚЭУ кітапханасының барлық қызметкерлеріне онлайн-вебинарды ұйымдастырғаны үшін үлкен рахмет

 

«Google сервистерін педагогикалық практикада қолдану» тақырыбына тренинг

26.09.2019 ж. Математика және ақпараттық жүйелер ПЦК оқытушысы А. Т. Қасымбекова «Google сервистерін педагогикалық практикада қолдану» тақырыбына тренинг өткізді.

Тренингте оқытушы тиімді оқу үдерісі үшін арнайы ұйымдастырылған Google пайдалы сервистерін біріктіретін Google Classroom платформасын көрсетті.

Бұл тренинг колледж оқытушыларына кәсіби педагогикалық қызметте Google Classroom платформасын студенттер тобын пән курсын құру үшін қолдануға; студенттермен қажетті оқу-тәжірибелік материалдармен бөлісуге; студенттерге тапсырмалар ұсынуға; студенттердің тапсырмаларын бағалауға және олардың прогресін қадағалауға; студенттердің қарым-қатынасын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

mr 05.11.19 002.jpg (78 KB)

 

Педагог қызметкерлерді аттестациялауды өткізуді нормативтік-құқықтық реттеу

10.10.2019 ж. Әдістемелік семинар аясында директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Оспанова Г.С. аттестатталатын колледж оқытушыларына «Педагог қызметкерлерді аттестациялауды өткізуді нормативтік-құқықтық реттеу» және «Портфолио дайындау және ұсыну» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

Бұл іс-шара педагогтарда ұсынылатын портфолио құжаттарының тағайындалуын түсінуді қалыптастыруға, осы біліктілік сынағынан өтуге психологиялық тұрғыдан дайындауға, сондай-ақ аттестаттауға құжаттарды құрастыруда әдістемелік, ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдау көрсетуге мүмкіндік берді.

Өткізілген семинар қорытындысы бойынша оқытушыларға тиісті құжаттарды жинау және ҚР нормативтік талаптарына сәйкес педагогтің аттестаттау папкаларын қалыптастыру міндеті қойылды.

nw 10.10.19 001

 

Кәсіби қызметтегі оқытушының креативтілігі мен әдептілік

09.10.2019ж. Әдістемелік семинар аясында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер ПЦК оқытушысы Миронова Е. И.  колледж оқытушыларына арналған "Кәсіби қызметтегі оқытушының креативтілігі мен әдептілік" тақырыбында тренинг өткізді.

Бұл тренинг оқытушылардың креативті қабілеттерін анықтауға, қабылдау шеңберін кеңейтуге және ситуациялық есептерді шешудің стандартты емес әдістерін іздестіруге мүмкіндік берді.

Өткізілген тренингтің қорытындысы бойынша, оқытушыларға алған білімдерін тәжірибеде қолдану, сондай-ақ өз білімдерін кәсіби қызметте жетілдіру міндеті қойылды.

nw 09.10.19 002

 

Cеминар «Нормативтік құқықтық құжаттарды пайдалану мен ұйымдастыру анализі бойынша колледж жұмысын ұлғайту»

27.09.2019 жылы оқытушы Әбілдина А.С. әдістемелік семинар шеңберінде «Нормативтік құқықтық құжаттарды пайдалану мен ұйымдастыру анализі бойынша колледж жұмысын ұлғайту» тақырыбына ЭБҚ ҚҚЭУ оқытушылар ұжымы арасында 19.04.2019 жылғы ҚР «Білім туралы заңы» бойынша өзгерістер мен толықтырулар туралы мәлеметтер ұсынды.

nw 27.10.19 001.jpg (60 KB)

Оқытушылар семинардан алынған ақпараттарды оқу процесінде дұрыс пайдалана алатындай меңгерді.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талқылауы

11.09.2019 жылы ҚЭҚ ЭБЖБ колледжінің оқытушылары мен студенттері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 02 қыркүйектегі «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.

11.09.19 001 11.09.19 002

Талқылау барысында ҚР Президенті Жолдауында, әсіресе педагогикалық салада алға қойған стратегиялық міндеттер баса айтылды, өйткені олар өсіп келе жатқан ұрпақтың игілігі үшін және Қазақстанның әрі қарай табысты дамуына бағытталған.

11.09.19 003 11.09.19 004

11.09.19 005

Қате табылды ма? Тінтуірмен емле қатесін таңдап, Ctrl + Enter басыңыз Көмегіңізге рахмет!