Ашық сабақтар

mr 30.10.19 004.jpg (150 KB)mr 30.10.19 005.jpg (417 KB)

mr 30.10.19 006.jpg (374 KB)mr 30.10.19 007.jpg (184 KB)

 

«Экономисттерге арналған математика» пәнінен ашық сабақ

Ашық сабақ 2019 жылдың 26- қарашада, 106 ауд. У-21к тобында өтті. Студенттер саны -20. Топта бала саны көп болғанымен, сабаққа деген ынтасы бар, пәнге қызығушылықпен талаптанатын студенттер бар.

nw 26.11.19 001.jpg (97 KB)

Сабақ мақсаты:

  1. Шектің анықталмағандықтарымен таныстыру, оларды ашуға үйрету;
  2. Оқыту жолдарының бірі – ойлау, математикалық тілін анық ету үшін лексиканы қалыптастыру, бірлескен, топтық жұмыстар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту, табысқа жетуге бағыттау;
  3. Оқушыларды арасында сенімді қарым- қатынас қалыптастыру арқылы ынтымақтастық ортада жұмыс жасауға тәрбиелеу.

nw 26.11.19 002.jpg (84 KB) nw 26.11.19 003.jpg (75 KB)

Сабақты өткізу және дайындау барысында әр студенттің жеке талабына көңіл бөлінді. Сондықтан да әртүрлі деңгейлі тапсырмалар қарастырылды. Сабақ барысында студенттер өте белсенді жұмыс істеді. Сабақта қойылған бағалар студенттердің білім деңгейіне сәйкес келеді. Сабақ формасы: әр студенттің, жалпы тұтас сыныптың «осал тұстарын» айқындауға;«осал тұстарын» ескере отырып, тақырыпты әрі қарай оқуды түзету және ұйымдастыруға; өзіндік түзету тапсырмалар мен карточкаларды қолдануға көмектесті.

 

"Қаржылық менеджмент" пәні бойынша ашық сабақ

21.11.2019 жылы мен Фин-32 тобында "Қаржылық менеджмент" пәні бойынша "кәсіпорынның қаржылық ресурстары және олардың өзгерістері" тақырыбында ашық сабақ өткіздім.

nw 21.11.19 001.jpg (88 KB)

Сабақтың мақсаты: студенттерге тірек білімдерді өзектендіру, капиталдың орташа өлшенген құнын есептеу кезінде студенттер үшін өзіндік жұмыс жүргізу.

Сабақта мақсатқа жету үшін келесі оқыту әдістері қолданылды: LCD-проектор, Learninggapps платформасы, калькуляторлар, компьютерлер, практикалық есептер, Тарату материалының 4 есебі бойынша 2 нұсқа, Microsoft Excel қолданбалы бағдарламасы.

 Студенттер өз білімдерін көрсетті және студенттердің сауалнамасы бойынша бағаланды. Студенттер риза болып, сабақ ұнады.

nw 21.11.19 002.jpg (81 KB)

 

«Еңбекті қорғау» пәнінен ашық сабақ

Математика және ақпараттық технологиялар П(Ц)К оқытушысы Касымбекова А.Т. 20.11.2019 ж. «Еңбекті қорғау» пәнінен «Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Өрттің алдын алу міндеттері» тақырыбында ИС-32қ тобында ашық сабақ өткізді. Әр түрлі жағдайларда, өрт кезінде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатын көздеген сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтті.

nw 20.11.19 001.JPG (223 KB)

Сабақта: жану процесі туралы жалпы мәліметтер; өрт шығу себептері; өрт сөндіру және хабарлау құралдары. Өрт кезінде адамдарды эвакуациялау; ұйымдардың өрт қауіпсіздігі саласындағы міндеті мен жауапкершілігіне байланысты сұрақтар толық ашылып, қарастырылды. Өрт сөндірудің алғашқы құралдарын қолдану бойынша нұсқаулық берілді.

Тапсырмалар «Блум таксаномиясы» бойынша құрастырылған, миға шабуыл, өзін-өзі бағалау, топтық оқыту әдісі қолданылды.

Студенттердің өткен тақырыптар бойынша білімін тексеру  Kahoot платформасында және сабақты қорытындылау кезеңінде Google Classroom платформасында тест тапсырмалары орындалды. Өрт қауіпсіздігі бойынша белгілерді бекіту мақсатында learningapps.org сервисінде тапсырмалар орындалды.

nw 20.11.19 002.JPG (253 KB)

 

«Саясаттану және әлеуметтану негіздері» пәнінен ашық сабақ

19.11.2019 ж. оқытушы А. Абеуованың Фин-32 тобында «Саясаттану және әлеуметтану негіздері» пәнінен «Халықаралық қатынастар және мемлекеттердің сыртқы саясаты» атты ашық сабағы өтті.

Сабақ барысында сыни тұрғыдан ойлаудың әдістері мен көп деңгейлі тапсырмалар, визуализация әдісі қолданылды. Дамыту және ақпараттық-коммуникациялық оқыту технологиясы қолданылды. Топ студенттері 3 кіші топқа бөлінді. Үй тапсырмасынан жауап алғаннан кейін кері байланыс арқылы дәріс өткізілді.

nw 19.11.19 003.jpg (88 KB)

Дипломатия тарихы, Қазақ хандығы тұсындағы дипломатиялық қатынастар, Қазақстанның геосаяси жағдайы сияқты мәселелер қарастырылды. «Халықаралық ұйымдар» сұрағы бойынша студенттер пазлдар жинап, оның қай ұйым екенін және қай жылы Қазақстан осы ұйымның құрамына кіргенін білді.

nw 19.11.19 004.jpg (140 KB) nw 19.11.19 005.jpg (146 KB)

«Қазақ хандығы тұсындағы дипломатиялық қатынастар» мәселесі бойынша қазақ хандары мен билегі туралы сұрақтар топтарға бөлінді.

«Дипломаттың бейнесі» тақырыбында студенттер дипломаттың гардеробын құрады.

Соңында тақырыпты бекіту үшін Н.А. Назарбаевтың «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласы бойынша тапсырмалар берілді, оны студенттер жақсы орындап шықты.

 

«Қаржылық есеп» пәнінен ашық сабақ

31.10.2019 жылы ашық сабақ «Қаржылық есеп» пәнінен «Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударымдар есебі. Жеке табыс салығын есептеу тәртібі. Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар түрлері, оны жүзеге асыру. Есептік –төлем ведомосін құру. Еңбек ақыдан ұсталынатын ұсталымдар» атты тақырыбында өтті. Ашық сабаққа Фин-31қ тобы қатысты. Ашық сабақта жинақтаушы зейнетақы қорларына аударымдар есебі. Жеке табыс салығын есептеу, еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар түрлері, оны жүзеге асыру. Еңбек ақыдан ұсталынатын ұсталымдарды есептеп, есептік –төлем ведомосін толтыру, шоттар корроспонденциясын құру көрсетілді.

Ашық сабақта презентация, миға шабуыл әдістері қолданылды. Проблемалық оқыту әдісі ұжыммен, АКТ элементтерімен жүргізілді. Топтың арасында ашық сабақ осындай жүргізудің үлкен маңызы бар, әрбір студенттің білім деңгейін, ойлау қабілетін тексеруге ықпалын тигізеді. Басты мақсат – студенттердің білім деңгейін көтеруге, ізденіс қабілетін,өз таңдаған мамандығына сүйіспеншілігін арттыруға ықпалын тигізеді.

nw 31.10.19 001.jpg (58 KB)

nw 31.10.19 002.jpg (62 KB)

nw 31.10.19 003.jpg (58 KB)

 

Дене тәрбиесі пәнінен көрсеткіштік сабақ

2019 жылдың 19-қазаныңда Тапенов Дулат Саматович У-11қ,МН-11қ, Фин-11қ тобында «Дене шынықтыру» пәнінен «100 м жүгіруді жетілдіру» тақырыбында көрсеткіштік сабағын өткізді.

Сабақтың мақсаты: 100 м жүгіру тәсілдерін үйрету және жетілдіру,шапшандық,жылдамдылық  дағдыларын қалыптастыру.

Сабақ барысында секундомер,сықырғыш,доп қолданылды.

Сабақ:тарих,алғашқы әскери дайындық пәндерімен тығыз байланыста болды.

Сабақтың түрі практикалық болғындықтан, студенттер сабақ барысында әртүрлі тапсырмаларды орындап, жүгүру қабілетін көрсете алып, дене шынықтыру пәніне деген қызығушылықтары артты, өз беттерімен сайыстар кезінде дұрыс шешімдер қабылдай алды. 

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында студенттерге жаңа тақырыпқа байланысты әр түрлі сұрақтар қойылды.

nw 19.10.19 001.jpg (147 KB)

Жаңа сабақ өту барысында «100 м жүгіруді уақытқа тапсыру» тақырыбының мақсатын айтып, тақырып бойынша жүгіру техникасын көрсету арқылы түсіндіріп өтті.

Әрі қарай сабақ барысында, жеңіл атлетика ережелері, қысқа қашықтыққа жүгіру техникасы көрсетілді.

Сабақты бекіту барысында, оқытушы, студенттерді жұпқа бөліп, эстафеталық жүгіру және көңілді жарыс ойындарын өткізді. Ойын кезінде студенттер, жылдамдықтарын, шапшаңдықтарын жүзеге асыра білді.

nw 19.10.19 002.jpg (192 KB)

Cабаққа қатысқан жұмыс тобының мүшелері:

Оспанова Г.С.             Әдістеме жұмыс бойынша директор орынбасары

Алимов Р.А.                Туризм және бизнес П(Ц)К оқытушысы

Идрисов А.А.              Туризм және бизнес П(Ц)К оқытушысы

Муртазина Г.А.           Экономикалық П(Ц)К оқытушысы

Кидралова Р.З.           Технологиялық П(Ц)К оқытушысы

Сатпекова Ф.Ж.          Технологиялық П(Ц)К оқытушысы

Жакупова А.С.            Технологиялық П(Ц)К оқытушысы

Сабақ өз мақсатына жетті. Студенттер сабаққа белсенді түрде қатысып, өз білгендерін сабақ барысында көрсете алды.Студенттер жаңа тақырыпты  оңай қабылдап,тапсырмаларды  дұрыс орындады.Сабаққа қатысқан оқытушылар сабақты жан-жақты талдап, өз ұсыныс, пікірлерін білдірді.

Қате табылды ма? Тінтуірмен емле қатесін таңдап, Ctrl + Enter басыңыз Көмегіңізге рахмет!