
2022 жылдың 29 сәуірінде, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің экономика, бизнес және құқық колледжінің құқықтық пәндер циклдік комиссиясының оқытушысы Жумашева А.Б. П – 22 тобында «Адамның және азаматтың конституциялық құқықтық мәртебесі» атты көрнекілік сабағын өткізді. Сабақ барысында студенттер адам мен азаматтың негізгі құқықтарын айтып белсенділік көрсетті. Сондай – ақ тұрмыстық зорлық – зомбылық, бала құқықтары, адамның құқықтар мен бостандықтары атты тақырыптарға баяндама дайындап, қорғады.