Бастапқы бет / Колледж / Әдістемелік жұмыс / Жас мамандар мектебі

Жас мамандар мектебі

ҚҚЭУ ЭБҚ КОЛЛЕДЖІНДЕГІ ЖАС МАМАНДАР МЕКТЕБІ

Жас мамандардың кәсіби дамуы, өзіндік білім алу мен шығармашылық көрсеткіші ретінде кәсіби деңгейін көтеру

Жас педагогқа арналған мектептің құрылу мақсаты – жас маманның кәсіби құзыреттілігін тиімді дамыту, жоғары кәсіби идеалдардың қалыптастыру, әдістемелік дағдыларды қалыптастыру және үнемі өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін арттыру.

Жас педагогтар мектебінің міндеттері:

  1. Инновациялық даму жағдайында оқытушының мәртебесі және оның жұмыс істеу жүйесі туралы идея қалыптастыру;
  2. Үздіксіз білім берудегі жас оқытушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және кәсіби қиындықтарды еңсеруге көмектесу;
  3. Педагогикалық қызметті ұйымдастырудағы білімді, дағдыларды және дағдыларды кеңейту: өзін-өзі тану, озық тәжірибені жалпылау және енгізу, әдістемелік өнімдерді құру, аналитикалық қызмет;
  4. Оқытушылардың шығармашылық белсенділігінің жеке стилін қалыптастыруға жәрдемдесу;
  5. Жас оқытушылар мен оқыту шеберлерінің оқу үдерісінде кәсіби, әдістемелік мәселелерді анықтау, оларды шешу жолдарын жеңілдету;
  6. Жас оқытушыларға оқу процесіне заманауи тәсілдер мен озық педагогикалық технологияларды енгізуге көмектесу.

Жас педагогтар мектебі қызметінің негізгі түрлері:

  1. Прогрессивті білім беру технологияларын енгізу арқылы оқытушының жеке кәсіби стилін қалыптастыру;
  2. Колледждің үздік оқытушыларының тәжірибесін зерделеу арқылы педагогикалық дағдыларды игерудегі оқытушыларға көмек көрсету;
  3. Тәжірибелі оқытушылармен «Шебер- сынып» өткізу және жас мамандарға арналған оқу-әдістемелік сабақтар;
  4. Педагогикалық кеңестерді, білім беру мәселелері бойынша семинарлар мен конференцияларды дайындауға және ұйымдастыруға жас оқытушыларды тарту;
  5. Жас оқытушының жұмысының нәтижелеріне мониторинг жүргізу;
  6. Жас оқытушылардың жұмысының жетістіктерін диагностикалау;
  7. Жас маманның қызмет (электрондық оқулықтар, көрнекі құралдар және т.б.) бағыты бойынша колледждің материалдық-техникалық базасын дамыту, жетілдіру және нығайту;
  8. Жас мамандармен электрондық оқыту-әдістемелік материалдарды қарастыруды ұйымдастыру және оларды оқу үдерісінде қолдану,
  9. Білім беру бойынша әдістемелік әдебиеттерді басып шығаруға дайындық.

 

mr 29.10.19 001.jpg (218 KB)

 mr 29.10.19 002.jpg (135 KB)

 

20.12.17 029

20.12.17 030

20.12.17 031

 

 

 2018 жылдың 28 қыркүйегінде экономика, бизнес және құқық колледждің жас мамандар мектебінде жас мамандармен кездесу өтті.

Әдістемелік ісі жөніндегі директордың орынбасары Оспанова Г.С. оқытушыларды ҚР-ның нормативтік-құқықтық базасындағы өзгерістері бойынша оқу-әдістемелік құжаттары құрумен таныстырды.

Жас мамандар мектебінің жетекшісі Плетень Е.В. колледждің ішкі тәртіптері бойынша ақпарат берді. Жас мамандар өздерін шыңдау мақсатында әдістемелік тақырыптар алды және де педагогикалық шеберлік бойынша ақыл-кеңестер алды.

04.10.18 029 04.10.18 030

04.10.18 031

 

 

2018 жылдың 4-қарашасында экономика, бизнес және құқық колледжінің жас мамандар мектебінде жас мамандармен «Ашық сабақтың құрылымының негіздері және оған дайындалу мен өткізу жолдарын қарастыру» атты тақырыбында семинар өтті.

Жас мамандар мектебінің жетекшісі Плетень Е.В. сабаққа дайындалу мен өткізудің педагогикалық міндеттері, сонымен қоса ашық сабақтың күнделікті сабақтан өзгешіліктері мен әдістемелік жұмыстарға арнайы дайындалу түрлері туралы ақпарат берді. Пікір алмасу кезінде тәлімгерлер өздерінің өткізген ашық сабақтары туралы мәлімет берді.

Оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Оспанова Г.С. ашық сабақтың өтуі мен оқытушы сабағының өзін-өзі талдауы туралы айтып өтті. Ашық сабақ өткеннен кейін сабақтың талдау материалдары, оқытушы сабағының өзін-өзі талдауы П(Ц)К-ң төрайымына тапсырылады.

mr 04.11.18 001

mr 04.11.18 002

 

7.12.2018 ж. ҚҚЭУ ЭБҚ колледжінің жас оқытушылар мектебінің кезекті отырысы өтті.

Директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Г. С. Оспанова жас оқытушылардың тәлімгерлермен өткізген сабақтарына талдау жасады, оның қорытындысы бойынша жас оқытушыларға ескертулер мен ұсыныстарды ескеру қажет.

ЖОМ жетекшісі, арнайы пән оқытушысы – Плетень Е. В. «Білім алушылардың білімін, іскерліктері мен дағдыларын бағалау және бақылау тәсілдері», бақылаудың әртүрлі формалары, тестілеудің ерекшеліктері, бақылаудың заманауи әдісі ретінде, бағалау жүйесінің негізгі талаптары мен уәждемелік принциптері тақырыбында семинар өткізді. Студенттердің білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылау оқыту процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, сондықтан жас оқытушыларың бақылау формалары мен принциптерін білуі оқытушы жұмысындағы негізгі сәттер болып табылады.

mr 07.12.18 001

mr 07.12.18 002

 

ҚҚЭУ ЭБҚ колледжінде 14.01.2019ж. жас оқытушылар мектебінің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Г. С. Оспанова жас мамандарды бейімдеу міндеттерін жүзеге асыру және кәсіби құзыреттілікті жетілдіру бойынша 2018-2019 ж. 1 жарты жылдығындағы ЖОМ жұмысын қорытындылады. Жас оқытушылар мен олардың тәлімгерлеріне ұсыныстар берілді.

ЖОМ жетекшісі, арнайы пән оқытушысы Е. В. Плетень «Сабақта АКТ және оқытудың жаңа әдістерін қолдану» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында қашықтықтан, проблемалық және жобалық оқыту үшін мультимедиялық технологияларды қолдану мәселелері қаралды. Оқытушылар өздерінің сабақтарында студенттердің біліміне негізделген АКТ және жаңа педагогикалық технологияларды қолдану тәжірибесімен бөлісті.

mr 14.01.19 001

mr 14.01.19 002

 

07.02.2019 ж. ҚҚЭУ ЭБҚ колледжінде жас оқытушылар мектебінің кезекті отырысы өтті. Колледждің жас оқытушылары «Өрлеу» ФАО-ның біліктілігін арттыру курстарын аяқтағаннан кейін оқытылатын пәндер бойынша сабақтарға сауалнама жүргізу үшін инновациялық learningapps, Tagul, Plickers және т.б.технологияларды көрсетіп өтті.

Директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Г. С. Оспанова жас оқытушылардың ғылыми-әдістемелік жұмыстарын одан әрі дамыту бойынша қызмет пен жетістіктерге жоғары баға берді. Жас оқытушылар өз тәжірибесімен бөлісіп, кәсіби қарым-қатынас ауқымын кеңейтті.

mr 07.02.19 001

mr 07.02.19 002

mr 07.02.19 003

 

05.09.2019 жылы ҚЭУК ЭБЖБ колледжінің Жас педагог мектебінде жас мамандармен отырыс өтткізіп, бетпе-бет тілдесті .

Г.С. Оспанова ӘЖ бойынша орынбасары оқытушыларды оқу-әдістемелік құжаттарды құрастыру бойынша ҚР нормативтік-құқықтық базасындағы өзгерістермен таныстырды.

ЖПМ жетекшісі Е. В. Плетень ішкі тәртіп ережелері, колледж дәстүрі туралы ақпарат берді. Сондай-ақ жас оқытушыларды, таңдаған әдістемелік тақырып бойынша өзіндік білім алу және жетілдіру бойынша кеңестер беріп, педагогикалық шеберлік танытты.

mr 05.09.19 001.JPG (318 KB) mr 05.09.19 002.JPG (342 KB)

 

2019 жылы 03 қазанда ҚЭУК ЭБЖБ жас педагог мектебінде жас мамандармен сабақ өтті. Сабаққа колледждің жас ұстаздары қатысты.

Г.С. Оспанова ӘЖ бойынша орынбасары нормативтік және оқу-әдістемелік құжаттамалардың мазмұны туралы ақпаратты ұсынды, сонымен қатар жас педагогтарды оқу-жоспарлау құжаттамаларын рәсімдеу ережелерімен таныстырды.

mr 03.10.19 001.JPG (326 KB) mr 03.10.19 002.JPG (324 KB)

Қате табылды ма? Тінтуірмен емле қатесін таңдап, Ctrl + Enter басыңыз Көмегіңізге рахмет!