Қазтұтынуодағы ҚарУ ЭБҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСІ
Әдістемелік кеңес психология-педагогикалық ғылымның соңғы жетістіктерін зерделеу, лицейдің педагогикалық қызметкерлеріне әдіснамалық көмек көрсету және әрбір оқытушы мен магистрдің өздерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін шығармашылық іздестіруге қатысу мақсатында құрылған.
Әдістемелік кеңес (Кеңес) колледждің әр түрлі қызметтері мен бөлімдерінің білім беру бағдарламаларын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді дамытуға, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруды және педагогикалық кадрларды әдістемелік оқытуды үйлестіреді.
Кеңестің негізгі міндеттері:
1) оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз етудің сапасын бақылауды ұйымдастыру;
2) колледжде жарияланған оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, оқу құралдарын және басқа да материалдарды жариялауға арналған сараптаманы ұйымдастыру және жоспарлау;
3) колледждегі оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету және жетілдіру;
4) әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мен жетілдірудегі озық тәжірибені жалпылау және тарату;
5) педагогикалық және ғылыми кадрларды кәсіби даярлау, қайта даярлау және аттестациялау жүйесін жетілдіру, оқу үдерісінің мазмұнын талдау;
6) сапа менеджменті жүйесін дамыту және оқу үдерісіндегі әдістемелік әзірлемелердің нәтижелерін енгізу бойынша ұсыныстар дайындау;
7) колледжде әдістемелік жұмысты үйлестіру;
8) колледжде жаңа технологияларды енгізу және қолданыстағы технологияларды жетілдіру, әдістер, оқыту құралдары бойынша жұмысты ұйымдастыру;
9) педагогтердің шығармашылық (тұрақты және уақытша) оқу-әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастыру;
10) педагогикалық құрамының ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру бойынша жұмысты үйлестіру;
11) білім беруді дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу және оны жүзеге асыруда басым бағыттарды қалыптастыру;
12) педагогтардың аттестациясына қатысу.
Кеңестің негізгі қызметі:
1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарын ескере отырып, жұмыс оқу жоспарлары сараптауды ұйымдастыру;
2) пәндік цикл комиссияларының жұмыс жоспарларын қарау және үйлестіру;
3) жеке пәндер бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын талқылау және бекіту;
4) колледждегі оқу үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мәселелерін қарау;
5) білім беру ұйымдарын әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық құжаттардың жобаларын жетілдіру бойынша талқылау және ұсыныстар;
6) оқулықтарды, оқу құралдарын, соның ішінде электрондық бұқаралық ақпарат құралдарын және дидактикалық материалдарды дамытуды ұйымдастыру;
7) өндірістік технологиялар мен ғылымның басым бағыттарын болжау негізінде мамандықтардың тізімін жетілдіру бойынша ұсыныстарды талқылау;
8) педагог кадрларды оқыту мен тәрбиелеу үдерісін жетілдіруге және практикалық көмек көрсетуге бағытталған әдістемелік жұмыстың әр түрлі нысандарын енгізу туралы мәселені қарастыру;
9) оқу, әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру бойынша семинарларды, конференцияларды, кездесулерді ұйымдастыру және өткізу.