План работы заведующих отделений на 2022-2023 учебный год
Бөлім басшылығын Қарағанды экономикалық университетінің ректоры бекіткен бөлім меңгерушілері жүргізеді.
Бөлім меңгерушілері қызмет барысында ұйымдастырушылық-құқықтық құжаттарды - Қазақстан Республикасы Конституциясын, ҚР «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының басқа заңдарын, ҚР өкіметі Қаулылары мен шешімдерін және ҚР ғылым және білім Министерствосының нормативтік құжаттарын, ҚР мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын басшылыққа алады.
Бөлім меңгерушілері қамтамасыз етеді:
1) Бөлімдегі оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыруды және басқаруды;
2) Оқу бағдарламалары мен жоспарларының орындалуын;
3) Білім алушылардың оқу үлгерімін есепке алуды ұйымдастыруды;
4) Білім алушылардың тәртібін қадағалауды;
5) Білім алушылардың курстық және дипломдық жоба жұмыстарының орындалуын бақылауды;
6) Степендиальдық комиссия (күндізгі бөлім) жұмысына қатысуды;
7) Бөлім жұмысын есепке алу және есеп беруді;
ҚҚЭУ ЭБҚ колледжінің 01 қазан 2022 жылы бекіткен ұйымдастыру құрылымына сәйкес, ҚҚЭУ экономика, бизнес және құқық колледжінде 5 бөлім, оның ішінде 1 сырттай-қашықтықтан оқыту бөлімі жұмыс істейді.
|
Құқық және сервиса бөлімі - білім бағдарламалары бойынша орта буынды мамандар даярлайды:
|
|
Экономика және технология бөлімі - білім бағдарламалары бойынша орта буынды мамандар даярлайды:
|
|
Бизнес және басқару бөлімі - білім бағдарламалары бойынша орта буынды мамандар даярлайды:
|
Бөлім меңгерушілерінің жұмыс істеу бағыты ҚҚЭУ ЭБҚ колледжінің миссиясына, және ҚҚЭУ ЭБҚ колледжін дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының негізгі мақсаттары және сапаны қамтамасыз етудің ішкі саясатына сәйкес құрылған.
Бөлім меңгерушілері оқу-тәрбие жұмысын жүргізуде студенттердің ата-аналарымен, жергілікті полициялық қызмет бөлімінің ювенальдық топ инспекторымен бірлесе жұмыс істейді.
Оқыту барысында меншіктің барлық түрі мен әртүрлі қызмет саласындағы кәсіпорындардағы басқарушылық, кәсіпкерлік, коммерциялық, заңдық, технологиялық және ақпараттық қызметтің іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға көп көңіл бөлінгендіктен колледж түлектерінің дайындығы үнемі жоғары деңгейден көрінеді.
Колледж бітірген түлектердің 50% астамы кешенді тестілеуді жақсы тапсырып, ҚҚЭУ сәйкес мамандықтарына оқуға түседі.
Бізде оқу өте қызық және мамандық бойынша жұмысқа тұру мүмкіншілігі де мол.
Біз білім алушыларға толық, сапалы білім беріп, оның жан-жақты білім алуына барлық жағдай жасаймыз.
Біз сізді колледжге шын ниетпен қабылдаймыз және оқуда озат, өмірде өз орныңызды табуға көмектесеміз.
Бұл колледждің ғылыми және қоғамдық салада жоғары жетістікке жетуінің сенімді кепілі болып табылады.