Бастапқы бет / Талапкерге / Білім беру бағдарламалары / 06130100 «Бағдарламалық қамтамасыз ету»

06130100 «Бағдарламалық қамтамасыз ету»

06130100 «Бағдарламалық қамтамасыздандыру»

Квалификация: 4S06130105 "Ақапарттық жүйелер технигі"

Квалификация: 3W06130102 "Web-дизайнер"

Оқу формасы – күндізгі, сырттай

Оқу тілі – қазақ тілі, орыс тілі

Жұмыс сипаттамасы:

КӘСІБИ ҚЫЗМЕТ АЙМАҒЫ

әр түрлі салаларда компьютерлер мен бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлейтін, енгізетін және қолданатын мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдар, атап айтқанда: машина жасау, металлургия, көлік, телекоммуникация, ғылым және білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, қызметтер, әкімшілік, экономика, бизнес, менеджмент технологиялар, яғни адам іс-әрекетінің барлық салаларында.

КӘСІБИ ҚЫЗМЕТТІҢ ТҮРЛЕРІ

  • мәліметтер базасы мен ақпараттық іздеу жүйелерін құру және қолдау бағдарламаларын әзірлеу;
  • орта және орта кәсіптік оқу орындарында информатика мен бағдарламалауды оқыту;
  • ғылыми және экономикалық мәселелерді шешуге арналған бағдарламалар құру;
  • компьютердің стандартты бағдарламалық жасақтамасын пайдалану және ақпараттық технологияларды қолдануға байланысты басқа да іс-шаралар.
  • банктерде, банктік және биржалық компьютерлік бағдарламаларды әзірлейтін және қызмет көрсететін;
  • жекелеген кәсіпорындарда және өндірісті жоспарлау мен басқарудың автоматтандырылған жүйелерін құра отырып, бүкіл салаларды басқаруда;
  • кезек жүйесі мен ақпараттық-анықтамалық жүйені дамытатын және қолдайтын кәсіпорындар мен мекемелерде;
  • оқу орындарында;
  • компьютерлер мен оргтехниканы жөндеу және диагностикалау жөніндегі сервистік орталықтарда.

КӘСІБИ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

  • компьютерлік технологияны, компьютерлік ақпаратты өңдеу және басқару жүйелерін жүзеге асыруға арналған бағдарламалау құралдарын қолдану;
  • кәсіби қызмет объектілерінің жұмысымен байланысты есептеу және ақпараттық процестердің математикалық және бағдарламалық модельдерін құру және зерттеу;
  • бағдарламалық өнімдерге, ақпаратты өңдеу мен басқаруға арналған компьютерлік жүйелерге қызмет көрсету.
  • WorldSkills кәсіби шеберлік байқауына қатысу.
Қате табылды ма? Тінтуірмен емле қатесін таңдап, Ctrl + Enter басыңыз Көмегіңізге рахмет!