04110100 Есеп және аудит
Біліктілік: 4S04110102 Бухгалтер
Қаржылық есеп берудің халықаралық және ұлттық стандартты қолдану, бухгалтерлік есеп және салық есебін жүргізуді іске асырады.
Мүліктің бухгалтерлік есебін жүргізу жұмыстарын, міндеттемелер мен шаруашылық операцияларды қалыптастыру, бухгалтерлік ақппаратты базада сақтауды енгізу, нормативтік ақппаратты және анықтамаға өзгертулер енгізу, қолданған мәліметтерді өңдеуді орындайды.
Бухгалтерлік есептің бөлімшелерінің алғашқы құжаттарының сәйкестігін қабылдауды және бақылауды, дайындау жұмыстарының есебін іске асырады.
Бюджет, салық және басқа да міндетті төлемдерді есептеуді және аударуды орындайды.
Жетекшілердің, несиеберушілердің, инвесторлардың, аудиторлар және басқа да бухгалтерлік ақппаратты қолданушылыардың тиісті есебінің сәйкестігін және нақтылығын қамтамасыз етеді.
Бухгалтер жұмыс істей алады:
коммерциялық, өндірістік және бюджеттік ұйымдарда;
аудиторлық жәнеи консалтингтік компанияларда;
мемлекеттік және жергілікті ұйымдарда;
қаржылық және салық мекемелерінде, банкте және сақтандыру компанияларында, ұйымдарға қызыметкөрсетусаласында.
Oқу мерзімі:
- негізгі орта білім негізінде – 2 жыл 10 ай
- жалпы орта білім негізінде – 1 жыл 10 ай
04110100 Есеп және аудит
Біліктілік: 5AB04110101 Есеп және аудиттің қолданбалы бакалавры
Оқытудың нормативтік мерзімі
негізгі жалпы білім беру базасында - 2 жыл 10 ай
Оқыту нысаны – күндізгі
Оқу тілі – орысша
Қолданбалы бакалавриат-бұл бакалавриат деңгейінде жоғары білім беру бағдарламасын аяқтаған, қажетті технологиялық міндеттерді шешуге құзыреті бар, сондай-ақ колледжді бітіргеннен кейін бірден жұмысқа орналасу және кәсіби қызмет көрсету мүмкіндігі бар түлектерге берілетін колледждердегі мамандандырылған Білім беру біліктілігі.
Кәсіби қызмет саласы: бухгалтерлік есеп және аудит саласында қолданбалы бакалаврларды оқыту ақпаратты қалыптастырудың тұжырымдамалары мен нақты ережелерін түсінетін және оны талдай алатын, бухгалтерлік есеп пен аудитті жүргізудің заманауи дағдыларын меңгерген білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Осы мамандық бойынша оқу барысында студенттер қаржылық, басқарушылық және салықтық есепті ұйымдастыру, қаржылық есептілікті жасау, талдау және аудит саласында ғылыми және практикалық білім алады.
Қолданбалы бакалавриат тәжірибеге бағытталған жұмысшыларды дайындауды қамтиды. Негізгі мақсат - түлектердің қосымша оқусыз өндірісте жұмысқа кірісуге мүмкіндік беретін білім мен дағдылардың толық жиынтығын алуы.