10150100 «Туризм»

    10150100 «Туризм» мамандығының білім беру бағдарламасы
     Қызмет саласы: Туризм
     Туризм - бұл әлемдік экономиканың жетекші, серпінді салаларының бірі, бос уақыт пен ойын-сауық индустриясында сұранысқа ие мамандықтар.
     Қазтұтынуодағы Қарағанды Университетінің Экономика, бизнес және құқық колледжінде (ҚҚУ ЭБҚ) «Туризм» мамандығы бойынша мамандарды даярлау 2009 жылдың 1-қыркүйегінен бастап жүзеге асырылады.
     Оқу барысында студенттер туристік қызметті ұйымдастыру, информатика, туризм экономикасы, маркетинг, менеджмент, бухгалтерлік есеп, туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы, туризм және спорттық дайындық, ағылшын тілі, география саласында білім, білік және дағдыларды игереді. Бұл оларға кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.
     

015016018

     Туризм бойынша менеджер келесідей жұмыс орындарында еңбек атқара алады:
- туристік фирмалардағы менеджерлер;
- туризмді дамытуға қатысатын мемлекеттік органдарда;
- туристік бизнеспен айналысатын мемлекеттік және жеке компаниялардың менеджерлері;
- туризм инфрақұрылымы кәсіпорындарының жарнама қызметтерінің басшылары;
- туристік орталықтардың мәдени-сауық кәсіпорындарының басшылары;
- туроператор, экскурсовод, администратор, аниматор;
- туристік көрмелерді ұйымдастырушы;
- туристік круиздер мен саяхаттарды ұйымдастырушы;
     Оқу мерзімі:
- 9 сынып негізінде:
3 жыл 10 ай,
- 11 сынып негізінде: 2 жыл 10 ай
     Колледжді бітіргеннен кейін түлектерге 0511043 «Менеджер» біліктілігі беріледі.
     Оқыту күндізгі бөлімде мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.

017

Қате табылды ма? Тінтуірмен емле қатесін таңдап, Ctrl + Enter басыңыз Көмегіңізге рахмет!