0511000 «Туризм»

Туризм – адамның арнайы бір уақыт аралығында жан сергітіп демалыс қабылдауы. Бос уақытын сауқтыруға, серігуге тиімді әрі пайдалы ұйымдастыру. Демалыс кезінде демалушы түрлі елдерге саяхаттай отырып, танымдық қабілетін арттыра, мәдениет пен өнер қызығына кенеледі. Туризм тек шетелдерде ғана жүзеге аспайды, сонымен қоса елдегі табиғаты ғажап жерлер мен тарихи-мәдени обьектілерге ұйымдастырылады. Ал туризм маманы болса, туристердің ойдағыдай демалуын қарастырып, уақытын барынша қызықты өткізуіне қолайлы жағдай тудырады. Бұл мамандық саяхат, шетелге шығу, мәдениетпен танысу секілді ықпалдармен жұмыс жасайды.

Туризм мамандығы қазіргі таңда өндірістік емес саланың сұранысқа ие түрі. Ғаламдық жаһандану үрдісіндегі - бизнестің негізгі көзі.


015016018

Студент білім алу кезінде туристік мекемелер негізін, туризмдегі менеджмент және маркетинг, туризмдегі бухгалтерлік есептеудің негізін, туризм инфрақұрылымын, туристік аймақтану әдістемесін, экскурсияны ұйымдастыру жіне оны жүргізудің дағдыларын қалыптастырады. Сондай –ақ, оқу тәжірибесі мен өндірістік тәжірибе кезінде туристік аймақтарға шығып, экскурсияларды меңгереді және туристік мекемелердің ұйымдастырушылық құрылымымен танысады.

Экономика, бизнес және құқық колледжінде «Туризм» мамандығы 2009 жылдан білікті мамандарды дайындауда.

Күндізгі оқу түрі:

- негізгі орта білім негізінде – 3 жыл 10 ай

- жалпы орта білім негізінде – 2 жыл 10 ай

Мамандық бойынша: «Менеджер» біліктілігі тағайындалады.

017

Қате табылды ма? Тінтуірмен емле қатесін таңдап, Ctrl + Enter басыңыз Көмегіңізге рахмет!