Бастапқы бет / Студентке / Ғылыми-зерттеу жұмысы / Ғылыми-зерттеу жұмыстар жоспары (ҒЗЖ)

Ғылыми-зерттеу жұмыстар жоспары (ҒЗЖ)

ҚҚЭУ ЭБҚ колледжіндегі студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары – бұл жобаларды ғылыми негіздеуде, жалпылау үшін, табиғат пен қоғамның даму заңдылықтырын бекіту, ғылыми зерттеулерді іздеумен, зерттеулерді жүргізумен, білімді дамыту мен жаңа білім алумен байланысты эксперименттерді кеңейту мақсатында, ғылыми гипотезаларды тексеру жұмыстары.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын (СҒЗЖ) ұйымдастыру мен дамыту жүйесінің негізгі мақсаты болашақ мамандарды ғылыми даярлау деңгейін жоғарылату, ғылыми қызметке бейімділігі бар ең дарынды студенттерді анықтау, одан әрі ЖОО оқыту үшін ҚҚЭУ ЭБҚК интеллектуалды потенциалын  толықтыру, ғылым мен білім беру интеграциясын дамыту болып табылады.

СҒЗЖ жүйесін ұйымдастыру мен дамытудың негізгі міндеттері:

- студенттердің жеке шығармашылық қабілеттерін ашу және жүзеге асыру үшін жағдай жасау;

- ғылыми және қазіргі заманға сай әдебиеттермен, интернет-ресурстармен жұмыс жасайтын заманауи ғылыми әдістермен таныстыру;

- колледждің ғылыми-зерттеу жұмысына студенттердің қатысуының тиімділігін арттыру;

- колледждегі студенттердің кәсіптік мотивациясын ынталандыруын қамтамасыз ету;

- болашақ мамандардың қалыптасуы мен дамуы: ғылыми жазбаларды білу дағдылары, кез-келген ұйымдық-құқықтық нысандарда кәсіпорындар мен мекемелерде ғылыми негізделген кәсіби жұмыс жүргізу мүмкіндіктерін дамыту;

- колледждің негізгі бағыттары бойынша негізгі және қолданбалы зерттеулерге қызығушылықты дамыту;

- ел ішінде де, алыс және жақын шет елдермен де ғылыми-аралық қарым-қатынастарды дамыту.

nir 30.10.18 001

nir 30.10.18 002

nir 30.10.18 003

nir 30.10.18 004

Қате табылды ма? Тінтуірмен емле қатесін таңдап, Ctrl + Enter басыңыз Көмегіңізге рахмет!