Бастапқы бет / Студентке / Ғылыми-зерттеу жұмысы / Олимпиадалар мен интеллектуалды ойындар

Олимпиадалар мен интеллектуалды ойындар

Физика бойынша М.В.Ломоносов атындағы республикалық қашықтық пәндік олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу бойынша нұсқаулық 

1. Физика бойынша олимпиада (бұдан ары - Олимпиада) тікелей арнайы орта білім беретін ұйымдарда (бұдан ары - Ұйым) өткізіледі. Олимпиаданың өтетін күні: 2018 жылдың 19 қарашасынан 24 қарашасына дейін.

2. Олимпиадаға қандай да бір іріктеусіз колледж студенттері қатыса алады.

3. Ұйымдастырушы олимпидаға қатысушылардың өтінімін жинайды, жарналарды төлейді, олимпиаданы өткізуді ұйымдастырады, белгіленген нысан бойынша толтырылған олимпиада қатысушыларының тізімін құрайды:

-өтінімді толтырады және iq_college@mail.ru электронды поштасына жолдайды.

-әр қатысушы үшін мақсаттық жарна 500 теңгені құрайды.

Мақсаттық төлемдердің қабылдануы:

  • қолма-қол ақшамен мына мекенжай бойынша:  

Астана қаласы, Сарыарқа көшесі, 17, 12-кеңсе (жұмыс режимі: дс.-жм.: 9.00-18.00)

  • қолма-қол ақшасыз банк немесе пошталық бөлімше арқылы келесі деректер бойынша:

     «Urker mitec» зияткерлік орталығы» ЖШС

БСН 171040006515

ЖСК KZ056017111000004066 KZT

БСК HSBKKZKX

КНП 861  КБЕ 17

HALYK BANK АҚ

 

АО «KASPI BANK»             

БСК CASPKZKA

БСН 171040006515

ЖСК KZ42722S000001588334

КБЕ 17

Төлемнің тағайындалуы: «Физика» олимпиадасын ұйымдастыруға төленетін жарна (білім беру ұйымының атауын көрсете отырып).

4. Тапсырма мәтіндерінің материалдары және жауап парақтары қатысушыларға тура Олимпиаданың алдында беріледі. Қатысушының алдында жазба құралдары мен шимайқағаз болу тиіс. Олимпиада уақытында кітап, дәріс және байланыс құралдарын қолдануға тыйым салынады.

5. Ұйымдастырушымен тағайындалған кабинет кезекшілері тапсырмаларды орындау кезіндегі қатысушылардың бір-бірімен араласуына жол бермеуі керек.

6.  Олимпиаданың өткізу және жауап бланкін толтыру ережелерін түсіндіру үшін  15-20 минут беріледі. Осы сәттен бастап олимпиада тапсырмаларын орындауға 1 сағат беріледі. Тапсырмаларды бастау және аяқтау уақыты тақтада жазылады. Тапсырмаларды орындау үшін шимайқағаз пайдалануға болады. Тапсырмалардың жауабын жазу олимпиада аяқталғанға дейін 15 минуттан кешіктірілмей енгізіледі. Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жауап парағы дереу жиналады.

7. Орындалған жауап парақтарын жинап, олардың толтырылуын тексеру және міндетті түрде жұмыстардың тапсырылған уақытын қою қажет. Қатысушылардың жеке деректерін толтырудағы қателерді ақ түсті түзетуші сиямен бояп, түзету қажет. Керісінше, жауаптарды түзетуге қатаң тыйым салынады. Түзетулері бар жауаптар есептелмейді (олар орындалған тапсырмаларды өңдеу барысында жойылады).

8. Одан кейін жауап парақтары әліппе тәртібі бойынша сұрыпталады. Тізімнің басына колледж, елді−мекен, аудан, облыс (қала) атауы енгізіледі. Қорытындылау кезінде түсініксіздік болдырмау мақсатында, тізім басылып шыққан немесе баспа әріптерімен жазылуы тиіс. Ескерту! Тізімге тек жұмысты тапсырған қатысушылардың аты−жөні енгізіледі.

9. Қатысушылардың жауап парағы мен тізімді тапсырма келіп түскен мекеменің арнайы конвертіне салып,  олимпиада өткізгеннен кейін 3 күннен кешіктірмей ҚР поштасымен немесе қолма−қол жіберу қажет: Астана қ., Сарыарқа к., 17, 12 кеңсе.   (жұмыс тәртібі: 9.00-18.00); электрондық пошта: iq_college@mail.ru

10. Олимпиада нәтижелерін жинау және өңдеу дербес деректерді жинауды және өңдеуді реттейтін ҚР заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Білім беру ұйымының турнирге қатысушылардың жауаптар жазылған парақтарын өңдеуге жіберу фактісі оның заңнамамен талап етілетін ата-аналардың (заңды өкілдердің) жауаптардың кәмелетке толмаған авторларының дербес деректерін қажетті өңдеуге келісімінің болуына кепілдік беретіндігін білдіреді. 

  • · Олимпиада өткізілгеннен кейін қорытынды бір айдан соң www.iqcollege.kz  сайтында орналастырылады. 
  • · Сертификаттар мен дипломдар Қазақстан поштасымен жіберіледі.

11. Турнирдің қорытындысы бойынша өз мекемеңізде нәтижелерді жариялап, үздік оқушылар мен олардың оқытушыларын марапаттауды ұйымдастыру ұсынылады. 

 

Физика бойынша М.В.Ломоносов атындағы республикалық қашықтық пәндік олимпиадасына

қатысуға өтініш 

Облыс_______________________________________________________________

Аудан (қала)____________________ _____________________________________

БбҰ атауы ___________________________________________________________

БбҰ басшысының аты-жөні ____________________________________________

БбҰ мекенжайы мен телефондары(кодымен)______________________________

БбҰ электрондық мекенжайы __________________________________________

Олимпиаданы өткізу үшін жауапты тұлғаның аты-жөні ____________________________________________________________________

Байланыс ұялы тел.:_____________________ е-mail:_______________________

  

Олимпиада қатысушылары туралы мәліметтер

(кестенің сәйкес ұяшығына енгізіңіз) 

Қатысушының аты-жөні

Тобы

Оқыту тілі

1

 

 

 

2

 

 

 

3

 

 

 

 

  

ҚҚЭУ-де өтетін математикадан олимпиада

 08.10.18 004

08.10.18 006

 

Положение о проведении III региональной студенческой олимпиады по бухгалтерскому учету им. профессора К.К. Каракесова

12.02.18 021

12.02.18 022

 

 

 

Положение о проведении олимпиады по предмету "История Казахстана"

27.12.17 001

27.12.17 002

27.12.17 003

 

 

 

О республиканских олимпиадах

21.12.17 010

Қате табылды ма? Тінтуірмен емле қатесін таңдап, Ctrl + Enter басыңыз Көмегіңізге рахмет!